02
ақпан
2026
Хабарландыру
Жаңа Конституция жобасында қандай өзгерістер бар?
Жаңа құжат 31 қаңтарда қоғам талқысына шығарылды. Конституция жобасында 11 бөлім, 95 бап бар.
Ата заңда алғаш рет адвокатура туралы бап пайда болды. Бұл – азаматтардың құқығын қорғауға кепілдік беру жолындағы адвокаттардың мәртебесін мемлекеттік айыптаушы, яғни прокурорлармен теңестіруді көздейтін маңызды қадам.
Мәжіліс депутаты, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Үнзила Шапақтың айтуынша, сот пен прокурордың мәртебесі Конституцияда нақты көрсетілген, ал адвокат конституциялық-құқықтық механизм ретінде бұрын көзделмеген. Қазір осы олқылықтың орнын толтыру үшін адвокаттың мәртебесін Конституцияда нақты бекіту мәселесі көтеріліп отыр.